Бұрынғы экология министрі Брекешев жаңа қызметке келді

530

Ол "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Бұрынғы экология министрі Брекешев жаңа қызметке келді Фото: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметінен

Серікқали Брекешев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.       

"Ол газ жобаларының дамуын қадағалайды", - делінген ақпаратта.

Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарды. Әр жылдар ішінде лауазымдық қызметтер атқарған.

"ҚазМұнайГаз" – мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүддесін білдіретін көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу