Бұрынғы энергетика вице-министрі Kazenergy бас директоры болып тағайындалды

318

 Бұл туралы мұнай-газ саласының эксперті Нұрлан Жұмағұлов телеграм-каналына жазды.

Бұрынғы энергетика вице-министрі Kazenergy бас директоры болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Бұрынғы ҚР энергетика вице-министрі Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымына тағайындалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жандос Нұрмағанбетов 1981 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес университетін, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, "КИМЭП Университеті" АҚ бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымдарда бастаған.

2005-2010 жылдары — "Қызылорда ТЭК" АҚ бас директоры.

2011-2013 жылдары – "Қызылорда" ӘКК" ҰК" АҚ басқарма төрағасы.

2013 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеке компанияда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап қазірге дейін "KEGOC" АҚ Стратегия және даму жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу