Бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ұсталды

651

Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп күдікке ілініп отыр.   

Бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі ұсталды Фото: aif.ru

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бас прокуратурамен бірлесіп пайдалы қазба кен орындарын берудің заңдылығына тексеру жүргізен. Нәтижесінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

"Министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесінде әрекет ете отырып, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз бергені анықталды. Бұрын жүргізілген барлау фактісі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған. Нәтижесінде, лауазымды тұлғалармен үлестес кәсіпкерлер қол қою бонусының ең төменгі құны үшін нарыққа қатысушылардың бәсекелестік, қолжетімділік және тең құқықтылық қағидаттарын бұза отырып, өндіруге дайын кен орындарын алды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, кен орындарын сату бойынша аукциондар өткізілмегендіктен, мемлекет қазынасына ондаған миллиард теңге түспеген.

"7 қарашада лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Т. Тоқтабаев ұсталды. Тергеу соттың санкциясымен Т. Тоқтабаевтың және оның жақын туыстарының (элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8) қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталды және қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу