Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа жетті

272

"Аса құпия" ісі бойынша басқа деректер жария етуге жатпайды.

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі сотқа жетті Фото: Ашық дерек көздерінен

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына жіберілді. Астана сотынің мәліметінше, іс "өте құпия" санатта, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл ақпарат Жоғарғы сотта да расталды. Экс-министрдің қылмыстық ісі Астананың ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотына жіберілді.

"Аса құпия" ісі бойынша басқа деректер жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін  ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғаны туралы БАҚ жарыса жазған еді. Сонымен қатар, 20 наурызда Бас прокуратура Тұрғымбаевтан қаңтар оқиғасы ісі бойынша жауап алғанын хабарлаған едік. Ал, 30 сәуірде ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу