Бұрынғы келіншегін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан алматылық тұрғын ұсталды

Оқиға 28 тамыз күні болған.  

Бұрынғы келіншегін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан алматылық тұрғын ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Алматылық келіншекке 3 жыл бұрын ажырасып кеткен экс-күйеуі жұдырық ала жүгіріп, жақ сүйегін сындырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Полицейлер 36 жастағы ер адамды қолға түсірген. 

Бұған дейін, қан-жоса болып таяқ жеген Дильбар Тимурова 3 апта өтсе де, ауқатты отбасыдан шыққан бұрынғы күйеуін құқық қорғау органдарының ұстамай жатқанын айтып, шағымданған болатын. Ол тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан да көмек сұрады. 

Бірнеше жыл бұрын екі жаққа кеткен отбасының кәмелетке толмаған бір қызы және бір ұлы бар. Дильбар Тимурова экс-күйеуінің жауыздығы салдарынан жақ сүйегі сынып, миы шайқалғанын айтады.

Алматы Полиция департаменті арыз Жетісу ауданының полициясына 28 тамызда келіп түскенінен хабардар етті. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы "денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу