Бұрынғы колония кәсіпкерлерге берілмек

1026

Бұрынғы колония кәсіпкерлерге берілмек

Ақтау қаласының аумағындағы бұрынғы ГМ 172/1 түзету мекемесі жақын болашақта кәсіпкерлерге жер телімдері және әкімшілік ғимараттар түрінде үлестірілмек. Бұл жөнінде осы аймаққа жасалған сапар барысында Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Альбекова Марина хабарлады, деп жазады atameken.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне қарасты бұрынғы колония енді облыс әкімдігінің балансына өтіп отыр. 
Аумақтың жалпы ауданы – 15 га әкімшілік ғимараттардан бөлек, 200 тоннаға дейін көкөніс сақтай алатын қоймасы бар. Инженерлік желілері тартылған. Бұл жоба облыстық әкімдіктен бөлек, "Каспий" ӘКК мен "Атамекен" ӨКП қолдауымен жүзеге асырылатынын айта кетейік.  Алдағы уақытта аталған жобаға қатысты кез-келген жаңалықтар мен өзгерістерді қосымша хабарлайтын боламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу