Бұрынғы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов кейбір БАҚ-та тараған қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Tengrinews.kz тілшісі экс-шенеунікке қоңырау шалып, оқиғаның мән-жайын анықтады.
"Біріншіден, тек қана ресми көздерге сенген жөн. Мен қазір демалыстамын. Демалысқа шықпағаныма 3,5 жыл болған", – деді Руслан Жақсылықов.
Сөзінше, қазір ол Астанада үйінде.
Айта кету керек, бұған дейін Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылғанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу