Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Әскери сотта бұрынғы Қорғаныс министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жалғасуда. Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде заңсыз бұйрық берген және стратегиялық нысандарды әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған", - деді Берік Асылов.
Тәртіпсіздікке қатысқандар, әсіресе, Алматыда саны жағынан басым болған. Олар қоршауды бұзған, полиция мен Ұлттық ұлан күштерін басып, халыққа зорлық-зомбылық жасаған. Салдарынан қылмыскерлер қолынан адамдар қаза тапқан.
"Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында билікті асыра пайдалану бойынша айыпталып отыр (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды", – деді Бас прокурор.