Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жолданды

668

Экс-министр Мұрат Бектановқа қатысты іс Астана сотына түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жолданды Фото: gov.kz

Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталған болатын.

Ведомство өкілдері "Бұл іс бойынша басқа мәлімет жарияланбайды", – деп хабарламаны қысқа қайырды.

Айта кетсек, осы жылдың 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қызметіндегі әрекетсіздік дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 452-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастаған болатын. Бектанов 20 ақпанда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу