Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановтың не үшін ұсталғаны анықталды

453

Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. 

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановтың не үшін ұсталғаны анықталды Фото: Үкімет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғанына қатысты деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Антикор өкілінің айтуынша, бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

"Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында "Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын" ұйымдастыру бойынша шарт жасасуда жекенің мүддесін қолдаған. Бұл ретте форумды өткізуге арналған сметадағы сандар негізсіз екі есеге ұлғайған. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына алып келіп соқты", - деді Арман Тілеукенов.

Ол қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүліктің де анықталғанын атап өтті. 

"Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлік анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматқа екі ай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп толықтырды Антикордың ресми өкілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу