Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт Вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД УҰИ-да қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу