Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

705

Енді Оралов президент әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарады.

Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды Фото: primeminister.kz

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін "Аманат" партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Ол 2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Өткен жылдың күзінде Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу