Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

1550

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары осылай жазуда.

Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді Фото: Inbusiness.kz

Астана қаласы Полиция департаменті ақпаратты растады. Бірақ күдіктінің кім екенін атамады.

Оқиға Астанадағы мейрамханалардың бірінде болған.

"Астана қаласы ПД-нің Жедел басқару орталығына қаладағы мейрамханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал болып, салдарынан дене жарақатынан әйел қайтыс болды деген хабар келді. Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл аудандық ІІБ мен ЖПБ жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ПД таратқан мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу