"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес ұйым – "KMG PetroChem" ЖШС Басқарма төрағасы болып Игорь Ильин тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ақпаратқа сүйенсек, Игор Ильин осыған дейін "Karabatan Utility Solutions" ЖШС Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
"Әр жылдары "ОАЭК" АҚ және "Самұрық-Энерго" АҚ, "Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы" ЖШС-да басшылық қызметтерде еңбек етті. 2012 жылы тағылымдамадан кейін Worley Parsons компаниясында еңбек жолын бастады. Қазақстан-Британ техникалық университетін Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша бітірді", – делінген ҚМГ ресми сайтында.
Айта кету керек, Игор Ильин 2020-2023 жылдары Төтенше жағдайлар министрі болған Юрий Ильиннің ұлы.