Бұрынғы министрлердің табысы мен дүние-мүлкін тексеру керек

2509

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров осылай дейді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрынғы министрлердің табысы мен дүние-мүлкін тексеру керек Фото: sputnik.kz

Оның сөзінше, парақорлықпен күресте министрлер мен әкімдердің таза әрі адал қызмет етуі маңызды. 

"Бізде қай әкімнің қандай бизнесі бар екенін бүкіл Қазақстан біледі. Менің ойымша, сол бұрынғы министрлердің табысы мен мүлкін тексеру керек. Қазір заң шықты, егер мемлекеттік қызметкер дүние-мүлкін қалай тапқанын дәлелдей алмаса, онда оны мемлекетке қайтаруы тиіс. Осы бағытта жұмысты күшейту керек", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу