Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны ішінара растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Келес ауданында болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасы тарапынан "күдікті" деп танылған азаматтың білім саласында қызмет етпейтінін мәлімдейміз", – делінген хабарламада.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, 30 жастағы жігіт мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. 16 жастағы оқушы қызға көзі түсіп, қырындап жүрген. Бірақ оқушы қыздың анасы мектеп директорына шағым түсіргеннен кейін, директор оны жұмыстан босатса керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу