Бұрынғы полиция қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

225

Әлеуметтік желіде Алматының Наурызбай ауданында қайғылы оқиға болғаны жөнінде ақпарат тарауда.

Бұрынғы полиция қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді Фото: canva.com

Онда Қарасай ауданының патрульдік полиция қызметкері өз әйелін өлтіргені, 34 жастағы әйел пышақ жарақатынан оқиға орнында қаза тапқаны айтылған.

Бұл жағдайға байланысты Алматы қалалық Полиция департаменті жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полиция департаменті әйелдің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғап үлгерген. Ал оқиғаға қатысы бар ер адамның бұған дейін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылғаны анықталды.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматтық некедегі ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелге пышақ салған. Әйел оқиға орнында көз жұмған. Осыдан кейін күдікті өз-өзіне қол салуға әрекеттеніп, мойны мен ішіне пышақ сұққан.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол күзетпен ем қабылдап жатыр.

Полиция ер адамның бұған дейін Алматы облысының Полиция департаментінде қызмет атқарғанын, алайда теріс себептермен қызметтен босатылғанын нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу