Бұрынғы премьер-министр Британия билігінен саяси баспана сұрады

900

Бұрынғы премьер-министр Британия билігінен саяси баспана сұрады

Таиландтың бұрынғы премьер-министрі Лондонға келіп, Британия билігінен саяси баспана сұрап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Екі күн бұрын Таиланд соты Йинглак Чинаватты 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарған еді. Ол ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде селқостық танытқаны үшін осындай жазаға кесілген. Алайда үкім шығар алдында экс-премьер жасырын түрде елден кетіп қалды. Бұқаралық ақпарат құралдары "ол Біріккен Араб Әмірліктерінде болуы мүмкін" деген хабар таратқан.

Айта кетейік, 2014 жылдың мамырында әскери төңкеріс салдарынан Таиланд үкіметі биліктен шеттетілген болатын. Ал одан бірнеше апта бұрын Йинглак Чиннават отставкаға жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу