Бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов жазасын толық өтеді

1407

Бүгінде ол қосымша жаза бойынша Қазыбек би ауданының пробация қызметінде есепте тұр. Оған лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынған.

Бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов жазасын толық өтеді

Экс-үкімет басшысы Серік Ахметов жазасын толық өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйекте ол жазасын толық өтеуіне байланысты пробация есебінен шығарылды.

Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда 10 жылға сотталды. Оған сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену (ысырап ету), кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, лауазым өкілеттіктерін теріс пайдаланды, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деп айып тағылған. Сот экс-шенеунікті кінәлі деп тапқан.

Ахметовтың ісі бойынша 21 адам тергелген. Оның 12-сі сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Экс-премьер-министрдің адвокаты Серік Ахметов Қарағанды облысының әкімі және үкімет басшысы қызметін атқарған кезде аталған облыста бюджет қаражатын ұрлауға жол берген жекелеген тұлғалардың жұмысын уақытында бақыламағаны үшін өз кінәсін мойындайтынын айтқан. Ахметов облыстық соттың апелляциялық алқасынан өзін ақтауды сұраған.

Апелляциялық шағымды қарау алдында Ахметовтың достары мен ағасы барлық сотталғандар үшін мемлекетке келтірілген материалдық залалды толық өтеген.

Бірінші сатыдағы сотта басты сот талқылауында Берік Ахметов үкімет резервінің шотына 70 млн теңге, "СтальЦинк" сауда үйі" ЖШС директоры 360 млн теңге салған. Үкімнен кейін Серік Ахметовтің достары тағы 1 млрд 825 млн теңге төлеген. Осылайша, мемлекетке келтірілген залал 2,2 млрд теңге көлемінде өтелді.

Апелляциялық сот Серік Ахметовтың жазасын 10 жылдан 8 жылға дейін қысқартты.

2017 жылғы 21 қыркүйекте Ахметовке бас бостандығынан айыру жазасы шектеумен ауыстырылып, ол бостандыққа шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу