Бұрынғы Семей әкімі ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

502

Ол осыған дейін облысы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеген.

Бұрынғы Семей әкімі ШҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Бақытжан Байахметов тағайындалды. Ол ақпан айынан бастап ШҚО әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.

Бақытжан Байахметов 1970 жылы 29 тамыз күні Алматы қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын ауыл шаруашылығын электрлендіру мамандығы бойынша, 2008 жылы Орталық Азия университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Аягөз ауданының "Алтайэнерго" кәсіпорындарында инженер болып бастаған. Әр жылдары ШҚО Аягөз ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде бас сарапшы, Өскемен қаласының құрылыс бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары Аягөз қаласының әкімі, Ұлан ауданының әкімі, 2014-2019 жылдары – Аягөз ауданының әкімі, 2019-2021 жылдары – ШҚО әкімінің орынбасары, 2021-2022 жылдары – Семей қаласының әкімі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.

2023 жылғы 6 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу