Бұрынғы спортшы Қазақстан дзюдо федерациясында жоғары қызметке тағайындалды

251

Асхат Жіткеев Дзюдо федерациясының вице-президенті болып тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұрынғы спортшы Қазақстан дзюдо федерациясында жоғары қызметке тағайындалды Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Асхат Жіткеев жаңа қызметке кірісті.

Ол Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы қызметінен босап, федерацияның вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Танымал дзюдошы бұған дейін де еліміздің дзюдо саласының дамуына елеулі үлес қосқан.

2011-2012 жылдары ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарса, 2012 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан дзюдо федерациясының даму жөніндегі директоры болды.

2023 жылдың сәуірінен бері Азия дзюдо одағының рефери-директоры қызметін де абыроймен атқарып келеді.

Ал бос қалған бас хатшы қызметіне Тимур Болат тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу