Бұрынғы судья Қарлығаш Таткеева 3 күннен бері іздестіріліп жатыр

Ол азаматтық істер бойынша Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі қызметін де атқарған.  

Бұрынғы судья Қарлығаш Таткеева 3 күннен бері іздестіріліп жатыр Фото: ratel.kz

Әзірге судьяға іздеу жариялану себебі ресми түрде нақтыланбай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қазіргі уақытта Қарлығаш Таткееваға іздеу салған сот екені белгілі болды, ал істі Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жүргізуде. 

Экс-судьяға іздеу жарияланғанына 3 күн болған.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында жарияланған іздеу парағында Қарлығаш Таткееваның 2025 жылдың 20 маусымынан бастап ізделіп жатқаны жазылған. 

Оның бірнеше сот инстанциясында судья қызметін атқарғаны белгілі. Ол Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы атанса, Астана қаласының сотында да қызметте болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу