Бұрынғы тележүргізуші Пентагон басшысы болып тағайындалды

222

Оған осыған дейін зорлық-зомбылық жасады деген айып тағылған болатын, алайда Хегсет өз кінәсін мойындамайды. 

Бұрынғы тележүргізуші Пентагон басшысы болып тағайындалды Фото: ekhokavkaza.com

Fox News телеарнасының бұрынғы жүргізушісі 44 жастағы Пит Хегсет АҚШ Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Тиісті шешім Сенат конгресінде қабылданды.

DPA агенттігінің жазуынша, Пит Хегсетті тағайындау туралы дауыс беру кезінде АҚШ Сенатында "қолдайтындар" мен "оған қарсы" дауыс бергендердің саны тең болды. Елдің вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс шешуші дауысқа ие болды.  

"Пит – "ең әуелі Америка" ұстанымының нағыз жақтаушысы", – деді Дональд Трамп.

Пит Хегсет Гуантанамо базасында әскери қызметтен өтті. Ол Ауғанстан мен Ирактағы әскери науқандардың ардагері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу