Бұрынғы министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды

285

Ол 2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Бұрынғы министр Әлібек Қуантыров жаңа қызметке тағайындалды Фото: primeminister.kz

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігінің Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Petrocouncil.kz-ке сілтеме жасап. ​

Әлібек Қуантыров 1983 жылы Атырау қаласында туған.

Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның м.а. болып бастады.

2005-2010 жж. — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2010-2013 жж. — ҚР Қаржы министрлігінің Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары.

2013 ж. — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.

2019-2021 жылдар аралығында — ҚР тұңғыш президенті кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары.

2021-2022 жылдар аралығында — ҚР ұлттық экономика вице-министрі

2022-2024 жылдар аралығында ол ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу