Бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасовтың ісіне қатысты жаңа деректер айтылды

180

Ол қазір күдікті ретінде тергеліп жатыр.

Бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасовтың ісіне қатысты жаңа деректер айтылды Фото: Үкімет

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов бұрынғы Еңбек вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың ісіне қатысты тағы кімдер тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұрынғы вице-министрге қатысты тоқталсақ, ол қазір күдікті ретінде тергеліп жатыр. Қазіргі кезде пара алуға қатысты қылмыстық іс бар. Сондықтан ол бойынша қамауға алу шарасы қолданылды. Сонымен қатар, онымен бірге екі фигурант - бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Арғындықов және ForteBank-тің бұрынғы өкілі Омаров бар. Олар 75 мың АҚШ доллары сомасында алған", – деді Ж.Елемесов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу