Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

408

Сыбайлас жемқорлық үшін 3 жылға сотталған бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты Фото: ҚФФ

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталған азамат жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түрінде өтеген.

– Сот қаулысының негізінде сотталушының өтелмеген 2 айлық бас бостандығынан айыру жазасы неғұрлым жеңіл жаза түріне – айыппұлға ауыстырылды, – деп хабарлады комитет.

Ведомствоның атап өтуінше, жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазаға ауыстыру, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және үкімнің орындалуына қатысты өзге де мәселелерді қарау мен шешім қабылдау сот органдарының айрықша құзыретіне жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу