Бұрынғы вице-министр Сәкен Мұсайбековке қатысты сот үкімі шықты

1011

Сот отырысы Алматыда өтті. 

Бұрынғы вице-министр Сәкен Мұсайбековке қатысты сот үкімі шықты

Мәдениет және спорт экс-вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

"Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министр мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты бұл іс бойынша үкім шығарды. Сәкен Мұсайбеков қызметін пайдаланып, алаяқтық жасады деп айыпталған", – деп жазылған хабарламада.

Экс-басшы 15 мың доллар көлемінде пара алды деп күдікке ілінген. Ол "Ставкаларды есепке алу орталығы" жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қоймақ болған.

Айта кетейік, 2021 жылғы 26 ақпанда бұрынғы вице-министр Сәкен Мұсайбековтің ұсталғаны ресми түрде нақтыланған еді. 

Ол Мәдениет және спорт министрлігі басшысының орынбасары лауазымына 2020 жылғы мамырда тағайындалған.

Оған дейін 2019 жылғы қаңтардан ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) бас хатшысы, 2015 жылғы ақпаннан 2019 жылғы қаңтарға дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу