Бибігүл Асылова әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі қызметін атқармақ.
Еске салсақ, Бибігүл Асылова берген өтінішіне сәйкес Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылған еді. Бибігүл Асылова 1975 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Көкшетау облыстық қаржы басқармасының бюджет бөлімінің жоспарлау, білім беруді және мәдениетті қаржыландыру бөлімінің маманы қызметінен бастады.
1994-1998 жылдары – Көкшетау және Петропавл қалаларының мемлекеттік органдарында маман болып жұмыс істеді.
1998-2016 жылдары – ҚР Қаржы министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Мәдениет министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында жұмыс істеді.
2016 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.