Бұрынғы вице-министрлерге қатысты іс екінші рет сотқа түсті

846

Бұрынғы энергетика вице-министрлері Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсыалиевке қатысты іс екінші рет сотқа жолданды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Бұрынғы вице-министрлерге қатысты іс екінші рет сотқа түсті

Отырыс өткен жылы өтуі тиіс еді. Бірақ, сот істі прокуратураға "қылмыстық-процессуалдық қателіктерді түзе" деп қайтарған. Естеріңізде болса, 2018 жылы Сәдібеков "бюджет қаржысын ұрлады", Жақсалиев "қызмет бабын асыра пайланады" деген күдікке ілінген. Үш жылдан бері сот айыпталушыларға қатысты үкім шығара алмай келеді. Себебі, қылмыстық істе шикілік көп. Күдіктілердің адвокаты осы жолы бәрі дұрыс болса, мәселе үш айда шешілуі тиіс деп отыр. Алғашқы сот отырысы 28-ші маусымға жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу