"Бұрынғы жігіті болуы мүмкін": Атырауда ер адам қыздың тамағынан пышақтап кетті

310

"Немолчи" қорының ақпаратынша, жәбірленуші аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұрынғы жігіті болуы мүмкін": Атырауда ер адам қыздың тамағынан пышақтап кетті Фото: Бейнежазбадан

Видео "Немолчи" қорына келіп түскен. Кадрдан ер адамның әйелге пышақпен тап бергенін көруге болады. Қордың болжамынша, шабуыл жасаушы ер адам қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін.

– Ол бірнеше рет пышақ салған, бірі денеге терең сұғылған. Мұқият қараңыз, ол пышақты қыздың тамағына қарай қалай бағыттайды. Баспалдақтың астында жасырынып, оны күтіп тұрғанына назар аударыңыз. Әйел қаланың белгілі супермаркетінде жұмыс істейді, кіреберістегі дәретханаға шыққан. Қазір ол реанимацияда жатыр, – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу