Бастама "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба" аясында жүзеге асырылып жатыр.
Бизнесті ашуға мемлекеттен қаржылық қолдау бөлінген азаматтар грант алған күннен бастап 3 ай ішінде өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық органдарында тіркеуге міндетті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметті 7 133 адам тіркеп үлгерген.
Мемлекеттік грант алушылар қатарында жастар, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар жандар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адам, табысы аз отбасылар мен қандастар да бар.
Гранттар қажетті құрал-саймандар мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға, жануарларды өсіруге және өсімдіктерді өсіруге, сондай-ақ үй-жайларды жалға алуға берілді.
Мемлекеттік грант берудің барлық процесі электрондық форматқа ауыстырылды, мемлекеттен өз ісін ашуға қаржылық қолдау алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы қабылдайды.