БҰҰ 10 млн ауған азаматына берілетін азық-түлік көмегін қысқартты

Енді 3 млн адамға ғана шұғыл көмек көрсетіледі. 

БҰҰ 10 млн ауған азаматына берілетін азық-түлік көмегін қысқартты Фото: Интекфакс

Ұйымның хабарлауынша, қыркүйек айындағы жағдай бойынша 10 млн ауғандық БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының көмегінсіз қалды.

"Қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы айына тек 3 млн адамға шұғыл көмек көрсете алады", деп жазылған ұйым мәлімдемесінде.

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының Ауғанстандағы өкілі және елдегі директоры Сяо-Вэй Ли мұны растады. 

"Бізде қалған аз ресурстармен біз өте кедейлік шегінде тұрған адамдардың барлығына қызмет көрсете алмаймыз", - деді Сяо-Вэй Ли. 

Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы көбінесе өмір сүру және балаларын тамақтандыру мүмкіндіктері жоқ, қоғамнан шеттетілетін әйелдер үшін соңғы жол болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу