БҰҰ: 2023 – мигранттар көп өлген ауыр жыл болды

651

2023 жылы миграция жолдарында әлем бойынша 8565 адам қайтыс болған.   

БҰҰ: 2023 – мигранттар көп өлген ауыр жыл болды Фото: aa.com.tr

Мұндай ауыр көрсеткіш соңғы рет он жыл бұрын тіркелген. Бұл туралы БҰҰ көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы сәрсенбі күні хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Былтыр 2022 жылға қарағанда мигранттар 20 пайызға көп өлген.

Халықаралық ұйымның мәлімдемесінде "Адам өлімін тоқтату үшін шұғыл түрде шара қолдану қажет" деп жазылған.

Жылда жүздеген мың адам қауіпті жерлер арқылы заңсыз көшуге талпынады. Қауіпсіз әрі тұрақты миграция жолдарына көпшіліктің жағдайы жетпейді. Жерорта теңізі арқылы өтетін жолдар мигранттар үшін қауіптісі болып тұр. Мұнда былтыр кем дегенде 3129 адам өлген немесе із-түссіз жоғалған.

Халықаралық ұйым 2014 жылы "Жоғалған мигранттар" жобасын дайындады. Жоба өлген, жоғалған адамдар туралы мәліметтер базасын құруды қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу