БҰҰ: 2024 жылы Иранда өлім жазасына кесілгендер саны 900-ден асты

160

Оның ішінде желтоқсан айында бір апта ішінде шамамен 40 адамға ең ауыр жаза тағайындалды.

БҰҰ: 2024 жылы Иранда өлім жазасына кесілгендер саны 900-ден асты Фото: www.svoboda.org

Бұл деректерді 7 қаңтар күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының кеңсесі растады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ең көп өлім жазасы есірткіге қатысты қылмыстар үшін тағайындалған. 2022 жылғы наразылық акцияларына қатысқан диссиденттер де жазаға тартылған. Сонымен қатар, өлім жазасына кесілген әйелдердің саны да артқан.

БҰҰ мәліметтері бойынша, 2023 жылы Иранда 853 адам өлім жазасына кесілген. Бұл көрсеткіштің үнемі артуы халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын туғызуда.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік бұл жағдайға қатысты алаңдаушылық білдіріп, Иран билігін өлім жазасын тоқтатуға шақырды.

"Иранда өлім жазасына кесілген адамдар санының жыл сайын артуы өте қатерлі тенденция. Енді бұл ағынды тоқтату және түпкілікті жою мақсатында мораторий енгізудің уақыты келді," – деді ол.

Әлемнің 170-ке жуық елі өлім жазасына мораторий енгізген немесе оны толығымен алып тастаған. БҰҰ өкілдері Иранды да осы тәжірибені қабылдауға шақырып отыр.

Италия үкіметі Иран елшісін СІМ-не шақырып, ұсталған журналистің босатылуын талап етті.

Сонымен қатар Иран президенті хиджаб туралы заңға вето қойып, ішкі саясаттағы жаңа бағыттарды қарастыруда.

Бұл жағдай Ирандағы адам құқықтары мәселелерін халықаралық аренада қайтадан талқылаудың өзекті тақырыбына айналдырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу