БҰҰ: 2050 жылға қарай Қазақстан халқы 24 миллионға жетеді

1741

Соңғы 10 жылда елдегі халықтың орташа өсімі жылына 1,5%-ды құраған.

БҰҰ: 2050 жылға қарай Қазақстан халқы 24 миллионға жетеді

2050 жылға қарай еліміздегі халық саны 24 млн-ға жетпек. Бұл – БіріккенҰлттар Ұйымының болжамы, деп хабарлайды Atameken Business.

Халықаралық ұйымның мәліметіне сәйкес, алдағы онжылдықтарда жер бетіндегі халық саны өседі. Қазіргі 7,7 млрд адам 2030 жылы 8,5 млрд-қа, ал 2050 жылы 9,7 млрд-қа дейін артады. Сәйкесінше Қазақстанда да халық саны өседі деп күтілуде. Биылдың өзінде қазақстандықтар қатары 1,3 пайызға артты.

Соңғы 10 жылда елдегі халықтың орташа өсімі жылына 1,5%-ды құраған. Нақтыласақ 2014 жылы 65 жастан асқан тұрғындар 6,8% -ын құраса, 2018 жылдың соңында 7,5%-ға жетті. Болжамға сәйкес, елде 65 жастан асқан егде жастағы адамдардың үлесі 2050 жылы қазіргі 7,5% -дан 14,1% -ға дейін екі есе артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу