БҰҰ: 24 ақпаннан бері Украинада 1 417 бейбіт тұрғын қаза тапты

852

537 мыңға жуық босқын елге оралды.

БҰҰ: 24 ақпаннан бері Украинада 1 417 бейбіт тұрғын қаза тапты

24 ақпаннан бері Украинада 1 417 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасына сілтеме жасап.

Оның 121-і – балалар. Тағы 2 038 адам түрлі деңгейде жарақат алды. 

Ұйымның хабарлауынша, олардың барлығы дерлік артиллериялық және зымырандық шабуылдар, әуе соққылары салдарынан ажал құшып, зардап шеккен. БҰҰ бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін мәлім етті. 

Украинаның ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 537 мыңға жуық босқын елге оралды. Қақтығыс басталғаннан бері елден 4,2 миллионға жуық адам бас сауғалап қашты. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу