/img/tv1.svg
RU KZ
БҰҰ: Адамзатқа қауіпті 5 қатер бар

БҰҰ: Адамзатқа қауіпті 5 қатер бар

Бірер күнде Біріккен ұлттар ұйымы  75-ші отырысын өткізді.  

24 Қыркүйек 2020 20:56 253

БҰҰ: Адамзатқа қауіпті 5 қатер бар

Ұйым қазіргі уақытта адамзатқа қауіпті  5 қатерді айтып отыр, деп хабарлайды Аtameken Business.

Жаһандық геосаяси шиеленістер, жер бетіндегі климаттың өзгеруі,  халықаралық аренадағы сенімсіздік, цифрлы технологияны енгізудің кері әсері және әлемді тығырыққа тіреген пандемия.  Жаһанға қазір ең қажеттісі не? Біріккен ұлттар ұйымының басшысы  оның кілті «жаһандық татулықта, әлемге ұлы татулық керек», - дейді. Жыл соңына дейін әлемдегі барлық қақтығыс, түсініспеушілік, дау-дамайды тоқтату керектігін айтып отыр.  "Әлемнің қазір тек бір ғана жауы бар – ол пандемия. Бар күш пен жігер тек соған бағыттау керек" дегенді айтып отыр.  Оның айтуынша, пандемия адамзаттың  қауіп-қатермен күрестегі тек репитиция  екен!

«Қазақмыс» геологиялық барлау жұмыстарында цифрлы технологияларды қолдануда

Бұл зерттеу тереңдігін екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік берді.  

22 Қазан 2020 21:57 96

 «Қазақмыс» геологиялық барлау жұмыстарында цифрлы технологияларды белсенді қолдана бастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Компания жаңа құрылғыларды Қарағанды облысында геофизикалық зерттеулерге пайдалануда.

 

Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдер бітімгерлерін дайындау құқығын иеленді

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі белсенді және табысты екі жылдық жұмыс нәтижесінде 2018 жылғы қазанда Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне 120 әскери қызметкерден құралған бітімгерлік рота жіберді.

04 Қаңтар 2019 17:05 797

Қазақстандық «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу орталығы (КАЗЦЕНТ) халықаралық бітімгерлік операцияларға қатысу үшін БҰҰ тарапынан сертификаттар мен әлем бойынша бітімгерлерді «Азаматтарды қорғау» және «БҰҰ штаб офицерлері» курстарында дайындау құқығына ие болды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде БҰҰ бас хатшысының бейбітшілікті қолдау жөніндегі операциялары бойынша орынбасары Жан-Пьер Лакруа қазақстандық нұсқаушылар әзірлеген және КАЗЦЕНТ негізінде жүргізілген бітімгерлік курстарының БҰҰ стандарттарына сәйкестігін тану туралы құжаттарына қол қойды.

Курстарды сертификаттау алдында Қазақстандағы бітімгерлерді оқыту әдіснамасы жете  зерттелді, сондай-ақ КАЗЦЕНТ-тің материалдық-техникалық базасын, нұсқаушыларды дайындық деңгейін тексерген және оқу бағдарламаларының мазмұны мен олардың БҰҰ стандарттарына сәйкестігін бағалаған БҰҰ бітімгерлік операциялар департаментінің өкілі полковник Саид Тафидтің 2018 жылғы желтоқсандағы Алматыға сапары өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі белсенді және табысты екі жылдық жұмыс нәтижесінде 2018 жылғы қазанда Қазақстан алғаш рет БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштеріне 120 әскери қызметкерден құралған бітімгерлік рота жіберді. Олардың көпшілігі КАЗЦЕНТ-те білім алды.