БҰҰ: АҚШ әскері шығарылғаннан кейін, "Талибан" экс-шенеуніктерді өлтірді

1027

Тәліптер билікке келгелі, 39 миллион тұрғынның жағдайы нашарлап кеткен.

БҰҰ: АҚШ әскері шығарылғаннан кейін, "Талибан" экс-шенеуніктерді өлтірді

Тәліптер мен олардың одақтастары АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан кейін бұрынғы экс-шенеуніктерді, қауіпсіздік күштерінің өкілдерін және халықаралық әскери контингентпен жұмыс істеген адамдарды өлтірген. БҰҰ осындай дерек жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің айтуынша, "Талибан" билікті басып алғаннан кейінгі соғыс қимылдары аяқталғанына қарамастан 39 миллион тұрғынның жағдайы нашарлап кеткен. 

БҰҰ миссиясының мәліметіне сүйенсек, 15 тамыздан бастап 100-ден астам ауғанстандық шенеунік, қауіпсіздік күштерінің өкілдері және АҚШ-пен жұмыс істеген адамдар өлтірілген. Олардың басым бөлігі тәліптер мен олардың жақтастарының қолынан қаза тапқан. 

Еске сала кетсек, тамыз айының басында тәліптер Ауғанстанның үкіметтік әскеріне қарсы операцияны бастап, 15 тамызда Кабулға басып кірген еді. 31 тамызда америкалық әскерилер Кабул әуежайы арқылы елден кетті.

Табиғат Нұрболат

Фото: unwatch.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу