Біріккен Ұлттар Ұйымының тегі африкалық тұлғалардың құқығы жөніндегі сарапшылар тобы Құрама Штаттардың билігіне Джордж Флойдтың өліміне қатысты хат жіберді. Құжатта афроамерикалықты тұтқындау барысында құқық бұзушылық болғаны жазылған.
Ескере кететін жайт, мұндай құжатты әдетте бір елдің үкіметіне ұйымның арнайы өкілі тапсырады. Яғни ұйым құқық бұзушылық не тергеу барысының қалай өтіп жатқанын жариялауды осылай талап етеді. Бұған дейін Флойдтың жанұясы істің қаралуы бойынша АҚШ-тағы құқық қорғау органдарын реформалауға қатысты кеңес сұрап БҰҰ - ға жүгінген еді.
25 мамырда Миннеаполис штатында афроамерикалық Джордж Флойд полицейдің қолынан қаза тапқан болатын. Нақтырақ айтқанда тұтқындау кезінде төрт офицердің бірі оны жерге жатқызып мойнын аяғымен 8 минут бойы басып тұрған. Ауа жетпей қиналған Флойд тәртіп сақшысынан аяғымен баспауын сұраса да , ешкім құлақ аспайды. Кейін ол ауруханада көз жұмды. Осы оқиға АҚШ аумағында ірі наразылық шаралары мен тәртіпсіздіктердің өршуіне түрткі болды.
Табиғат Нұрболат