БҰҰ АҚШ пен Қытайды жаңа қырғи қабақ соғыстан бас тартуға үндеді

978

Бұған дейін АҚШ Қытаймен арадағы қарым-қатынасының қандай екенін айтқан болатын. 

БҰҰ АҚШ пен Қытайды жаңа қырғи қабақ соғыстан бас тартуға үндеді

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерреш АҚШ пен ҚХР арасындағы текетірес әлемге қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNN арнасына сілтеме жасап. Осы орайда ол қос мемлекетті жаңа қырғи қабақ соғыстан бас тартуға үндеді.
Гутеррештің пікірінше, қазір бұл екі ел бір-біріне түбегейлі қарсы позицияда. 

АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің өршуі әлемдік экономиканың екіге бөлінуіне, шиеленіскен әскери доктриналардың пайда болуына, сондай-ақ жасанды интеллекттің даму стратегияларын құруға әкеліп соғуы мүмкін.

"Менің ойымша, біз жаңа қырғи қабақ соғыстан аулақ болуымыз керек, өйткені ескі қырғи қабақ соғысты басқару оңай болған еді. Қазіргісі күрделірек болуы мүмкін", – деді Гутерреш.

Бұған дейін АҚШ Қытаймен арадағы қарым-қатынасының қандай екенін айтқан болатын. Ақ үйдің ресми өкілі Джен Псакидің айтуынша, Вашингтон ҚХР-мен қақтығысуға немесе қырғи қабақ соғыс жүргізуге ұмтылып отырған жоқ, керісінше, ашық байланыс арналары арқылы қарым-қатынасты сақтауды жоспарлап отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу