БҰҰ Ақтөбе облысына әйелдер денсаулығын нығайту үшін 30 млн теңге бөледі

630

БҰҰ Ақтөбе облысына әйелдер денсаулығын нығайту үшін 30 млн теңге бөледі

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ЮНПФА-ның Қазақстандағы төрағасы Пабло Педромен кездесті. Кездесу барысында тараптар ЮНФПА-ның әйелдердің денсаулығын нығайту және ана мен перинаталды өлім-жітімді төмендету, сондай-ақ моральды және жыныстық тәрбие мен жыныстық және репродуктивті денсаулық қызметтерінің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

БҰҰ халық саны саласындағы қоры Қазақстандағы жұмысын 1992 жылы бастады.

Қордың негізгі бағыты – ана денсаулығын жақсарту және дамыту саласындағы бесінші мыңжылдық даму мақсатына қол жеткізу, жыныстық және репродуктивті денсаулық пен ұрпақты болу құқығын көтермелеу арқылы әйелдер, жастар мен жасөспірімдердің өмірін жақсартуға көмектесу.

ЮНФПА қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ұлттық басымдыққа негізделген және 2020 жылға дейін Қазақстан дамуының стратегиялық жоспарын, 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және өзге де саяси нұсқауларды іске асыруға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу