Біріккен Ұлттар Ұйымы осылай деп дабыл қағып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
Бұл жаһандық үрдіс жоғары табысты елдерге де, дамушы мемлекеттерге де ортақ мәселеге айналды. Туу көрсеткішінің төмендеуіне басты себеп ретінде: халықтың 39 пайызы қаржылық қиындықтар деп көрсеткен.
Адамдар үшін баланы өсіріп-жетілдіру аса қымбатқа түсуде. Сонымен қатар уақыт тапшылығы мен жар таңдау мәселесі де маңызды фактор ретінде атап өтілген. Ал денсаулыққа байланысты себептер 12 пайыз респондент үшін ғана басты кедергі болған.
Ұйым 14 елде 14 000 адамнан олардың балалы болуға қатысты ниеті туралы сауалнама жүргізіп, әрбір бесінші бала тумағанын айтты.
Сауалнамаға қатысқан елдер – Оңтүстік Корея, Таиланд, Италия, Венгрия, Германия, Швеция, Бразилия, Мексика, АҚШ, Үндістан, Индонезия, Марокко, Оңтүстік Африка және Нигерия – әлем халқының үштен бірін құрайды. Олар табысы төмен, орташа және жоғары елдер мен туу деңгейі төмен және жоғары елдердің қоспасы.
Өкінішке қарай, Қазақстанда да бұл үрдіс байқалуда. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысы бойынша, елдегі туу көрсеткіші соңғы 11 жыл ішіндегі ең төменгі деңгейге түсті.