БҰҰ: әлемдегі босқындар саны 110 миллион адамға жетті

467

2022 жылы бүкіл әлемде босқындар саны 20 миллион адамға өсті, деп хабарлады БҰҰ БЖКБ. Мұндай өсімге Ресей Федерациясының Украинаға қарсы соғысы мен басқа да әскери қақтығыстар себепші болған.

БҰҰ: әлемдегі босқындар саны 110 миллион адамға жетті Фото: AFP

БҰҰ-ның 2022 жылғы мәліметтері бойынша, бүкіл әлемде 108,4 миллион адам әскери қақтығыстарға, қудалауға, зорлық-зомбылыққа және адам құқықтарының бұзылуына байланысты өз елдерінен кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұл көрсеткіш қатарынан оныншы рет максималды мәнге дейін өсіп келеді, мысалы, бір жыл ішінде босқындар саны шамамен 20 миллионға артқан. 2023 жылдың мамырына қарай бөл көрсеткіш 110 миллион адамға дейін артуы мүмкін, делінген БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының (БҰҰ БЖКБ) жыл сайынғы "Жаһандық тенденциялар" есебінде.

Теріс тенденцияның басты себебі - Ресейдің Украинаға қарсы бастаған соғысы. Украинадан қашқандар саны 2021 жылдың аяғында 27 300-ден 2022 жылдың аяғына қарай 5,7 миллионға дейін жеткен. Сонымен қатар, 2022 жылы бүкіл әлем бойынша қоныс аударушылар санының өсуі Ауғанстаннан келген босқындарды қайта есептеумен, сондай-ақ басқа да әскери қақтығыстармен түсіндіріледі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу