БҰҰ америкалық биліктің әрекетін сынады

853

Ұйым өкілі журналистерге жасалған шабуыл қоғамға жасалған қастандық деген баға берді. 

БҰҰ америкалық биліктің әрекетін сынады

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гуттериш АҚШ билігінің ереуілшілерге қатысты әрекетін сынға алды. Ол Құрама Штаттарды ұстамдылыққа шақырып, шеруге қатысқандарды тарату мақсатында күш қолданған полицейлердің ісін тергеуді талап етті.

Сонымен қатар Гуттериш тәртіп сақшыларының журналистерге қоқан-лоққы көрсетуіне де алаңдаушылығын білдірді. 1 маусымда полицейлер БАҚ өкілдеріне көз жасаурататын газ шашқан болатын. Ұйым өкілі Стефан Дюжаррик  журналиске жасалған шабуыл қоғамға жасалған қастандықпен парапар деген баға берді.

Еске сала кетсек, 25 мамырда АҚШ-тың Минниеаполис штатында полицейлер Джордж Флойд есімді афроамерикалықты абайсызда өлтіріп алған болатын. Нақтырақ айтқанда, жалған ақшамен темекі сатып алмақ болған Флойдты тәртіп сақшылары тұтқындап, оны жерге жатқызып, төрт полицейдің бірі оны аяғымен 7 минут бойы басып тұрған. Афроамерикалық дем ала алмай жатқаныан айтып, босатуын сұрайды, бірақ оған ешкім құлақ аспайды. Артынан оның қаза тапқаны белгілі болған соң, елді ереуілдер шарпып, тіпті Еуропаға дейін жетеді. Штат прокуроры Флойдты тұншықтырып мерт еткен Дерек Шовин есімді офицерге адам өлтіру қылмысының үшінші деңгейі туралы айып тағады. Штат заңы бойынша, ол енді 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу