БҰҰ: Әр екі минут сайын әлемде бір ана көз жұмады

485

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2016 жылдан 2020 жылға дейін бірнеше аймақтарда ана өлімінің өскенін атап өтті.  

БҰҰ: Әр екі минут сайын әлемде бір ана көз жұмады

ДДҰ бас директоры дүниежүзінде миллиондаған әйелдер әлі күнге дейін сапалы медициналық көмекке қол жеткізе алмай отырғанын айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Әлемде әр екі минут сайын бір әйел жүктілік немесе босану кезінде қайтыс болады. Мұндай деректер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және БҰҰ-ның басқа мекемелері дайындаған және 23 ақпан күні жарияланған "Ана өлімінің тенденциялары" баяндамасында келтірілген.

Мысалы, 2020 жылы 287 мың ана өлімі тіркелді. 2000 жылдан 2015 жылға дейін сарапшылар бұл көрсеткіштің айтарлықтай төмендегенін байқаған. Алайда, 2016 жылдан 2020 жылға дейін Еуропа мен Солтүстік Америкада ана өлімінің коэффициенті 17 пайызға өсті, ал Латын Америкасы мен Кариб теңізі елдерінде 15 пайызға артты, делінген хабарламада.

Дегенмен ана өлімінің ең үлкен абсолютті көрсеткіштері әлі де болса әлемдегі ең кедей аудандарда және қарулы қақтығыстар болып жатқан мемлекеттерде тіркелген, дейді сарапшылар. Осылайша, 2020 жылы тіркелген қайғылы оқиғалардың 70 пайызға жуығы Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу