БҰҰ Астана келісімі Сирияда қақтығыстың сиреуіне ықпал етті деп мәлімдеді

860

БҰҰ Астана келісімі Сирияда қақтығыстың сиреуіне ықпал етті деп мәлімдеді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Сириядағы арнайы өкілі көптеген елдер кепілгер болған Астана келісімінен кейін, Сирияның көптеген қалаларында қақтығыстардың азайып, ел тұрмысының қалыпқа түсе бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігі хабарлап отыр, деп жазады qazaqtimes.com.

БҰҰ-ның Сириядағы арнаулы өкілі Стаффан де Мистураның хабарлауынша, "Қақтығыссыз аймақ" келісімінен кейін Сирияның көптеген қалаларында тұрмыстың қайта қалыпқа түскенін, дегенмен қақтығыс толастамаған аймақтардың бар екенін мәлімдеді. Кейбір қалаларда қақтығыстардың әліде болып жатқанын атап өткен БҰҰ өкілі: "Біз қазір толыққанды келіссөз үшін саяси ынтаның бар жоқтығын анықтау үстіндеміз", – деп мәлімдеді. Ол және келесі келіссөздердің тамыз айының соңы немесе қыркүйек айының бас шенінде болатынын айтып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу