БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 4,62 млрд доллар сұрады

28,3 млн адамға, соның ішінде әйелдер мен қыздарға гуманитарлық көмек керек.  

БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 4,62 млрд доллар сұрады Фото: azattyq-ruhy.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасы және серіктестері Женевадағы брифингте гуманитарлық үндеу жасады.

Олар 2023 жылы ауғандықтарға көмектесу үшін 4,62 млрд доллар қажет деп есептейді.

"Қазір Ауғанстан әлемдегі ең ірі және ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың бірін бастан өткеруде. Рекордтық 28,3 млн адам – халықтың үштен екісі, соның ішінде әйелдер мен қыздарға гуманитарлық көмек керек. Аштықты, ауруды, дұрыс тамақтанбауды және өлімді болдырмау үшін қаржылық қолдау маңызды болып қала береді. 2022 жылға арналған осындай өтініштің 52% қаржыландырылды", – деп жазылған БҰҰ сайтындағы үндеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу