БҰҰ Ауғанстаннан Алматыға тағы 120 қызметкерін алып келді

753

Бұл туралы ұйымның бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді. 

БҰҰ Ауғанстаннан Алматыға тағы 120 қызметкерін алып келді

22 тамыз күні БҰҰ тағы 120 қызметкері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін Ауғанстаннан Қазақстанға көшірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

"22 тамызда Ауғанстандағы БҰҰ Кабулдан Алматыға 120 адамды алып кетті. Бұл соңғы аптадағы екінші рейс. Жолаушылар арасында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ серіктестері болып табылатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар", – деді Стефан Дюжаррик. 

Еске сала кетсек, өткен аптада БҰҰ -ның 100-ге жуық қызметкері қашықтан жұмыс істеу үшін Кабулдан Алматыға келген болатын.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу