БҰҰ Ауғанстанның денсаулық сақтау жүйесіне 45 млн доллар бөледі

723

Ауғанстандағы денсаулық сақтау саласының негізгі қызметкерлеріне жалақы төленбей жатыр.

БҰҰ Ауғанстанның денсаулық сақтау жүйесіне 45 млн доллар бөледі

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелері жөніндегі басқармасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін 45 млн доллар бөледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитстің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ауғанстанда дәрі-дәрмектер, медициналық заттар, жанармай таусылуда. Денсаулық сақтау саласының негізгі қызметкерлеріне жалақы төленбей жатыр", – деп жазылған Гриффитстің мәлімдемесінде. 

Қаражат алдымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына және БҰҰ-ның Балалар қорына беріледі. Ол жерден халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арқылы осы жылдың соңына дейін Ауғанстан ауруханаларына жіберіледі.13 қыркүйекте БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ-ның төтенше жағдайларда әрекет ету қоры Ауғанстандағы гуманитарлық операцияларды қолдауға 20 млн доллар шығындайтынын айтқан еді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: icrc.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу