БҰҰ: әзірге Украинада геноцид болды деуге дәлел аз

405

Сарапшылар Ресей Федерациясының БАҚ-тағы "геноцидке түрткі болуы мүмкін" мәлімдемелерді зерттеп жатыр.

БҰҰ: әзірге Украинада геноцид болды деуге дәлел аз Фото: ТСН

БҰҰ-ның Украинадағы заң бұзушылықтарды тергеу жөніндегі тәуелсіз халықаралық комиссиясы Ресей әскери күштерінің көрші елдегі әрекеттерін геноцид деп санауға үшін жеткілікті дәлелдер тапқан жоқ. Бұл туралы Киевте өткен баспасөз мәслихатында комиссия төрағасы Эрик Мёсе мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз бұл қылмысқа қатысты адамдардың көңіл-күйін жақсы түсінеміз, сондықтан бұл сұрақты кезең-кезеңімен зерттеп жатырмыз. Қазіргі уақытта бізде геноцид туралы Конвенцияда қарастырылған заңды біліктілікке сәйкес келетін жеткілікті дәлелдер жоқ", - деді ол. 

Мёсе геноцидті мойындау үшін қылмыскерлердің адамдардың "белгілі бір тобын жою" ниетін дәлелдеу керек екенін еске салды. Ал жою "физикалық немесе биологиялық түрде жүргізілуі керек". "Бұл қатаң шарттар (геноцидті тану) сот практикасымен расталған", - деп түсіндірді БҰҰ сарапшысы.

Сонымен бірге Мёсе комиссияның тергеуді жалғастырып жатқанын және атап айтқанда "геноцидке үгіттеу мәселесіне қатысты болуы мүмкін ресейлік БАҚ-тағы кейбір мәлімдемелерді" зерттеп жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу